Меню KDT

Новости

«Этноfashion»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 13 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы» МКҚК Қазақстанда Жастар жылына арналған «Этноfashion» байқауын ұйымдастырды. Байқау ұлттық дәстүрлерді сақтау мақсатында өткізілді. Қазылар алқасына конкурсқа қатысушылар демонстрациялық көрсету кезінде (дефиле) және көрсететін киім үлгілеріне түсініктемелер берді. Конкурс қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қазылар алқасы барлық қатысушыларды диплом-номинациялармен марапаттау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ әр номинацияда үш дәрежелі лауреаттарды анықтады. Әрине, қазылар алқасы байқаудың бас жүлде иегерін анықтады. Конкурстың жеңімпаздары:  бас жүлде – Олениченко Никита, 1 орын – Кайдарова Замира, 2 орын – Бутакова Юлия, Томская Нелли, 3 орын – Бахытжан Айбар, «Бәйтерек» тобы, «Жұлдыз» тобы. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы» МҚКК әкімшілігі «Этноfashion» конкурсының демеушілері: Абиев Е.А., Абиев Д.Е., «Суфиев Ш.Д.» ЖК, «Жангалиев Б.Е.» ЖК, «Ермилов С.Н.» ЖК, «Берников В.А.» ЖК, зор алғыстарын білдіреді. Сіздер тек қана материалдық құндылықтарды ғана емес, біздің бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ сыйлайсыздар! Көп рахмет! Сіздерге игілік пен гүлдену тілейміз!

 


Просмотров: 164

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Меңгерушінің блогы

Опрос

Статистика

  • Осы айда13
  • Осы аптада7
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки